Владимир Ленин
Владимир Ленин (шын аты Ульянов, 1870–1924) — орыс революционері және саяси қайраткері, большевиктік партияның негізін қалаушы және 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жетекшісі. Төңкерістен кейін РКФСР Халық комиссарлары кеңесін басқарды және өмірінің соңына дейін кеңестік мемлекеттің басында тұрды. Оның ленинизм деп аталатын идеялары КСРО мен дүние жүзіндегі коммунистік партиялардың идеологиялық негізіне айналды.
-
Украина кабинеті Киевте гетман Иван Мазепаға ескерткіш орнатуды қолдады
Украина Үкіметі Мәдениет министрлігінің Киевтегі Тарас Шевченко бульварында, бұрынғы Ленин ескерткіші бұзылған жерде гетман Иван Мазепаға ескерткіш орнату туралы ұсынысын қолдады. Бастама Президент Володимир Зеленскийге тиесілі.