АҚШ Энергетика министрлігі
АҚШ Энергетика министрлігі — АҚШ-тың энергетика саясаты, ядролық қауіпсіздік және осыған байланысты ғылыми зерттеулерге жауапты федералдық атқарушы орган. Оны Президент тағайындайтын және Сенат бекітетін Энергетика министрі басқарады. Министрлік ұлттық зертханаларды, елдің ядролық арсеналын, сондай-ақ энергия тиімділігі мен жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағдарламаларын бақылайды. Орталық кеңсесі Вашингтонда орналасқан.
-
АҚШ және Ресей «Солтүстік ағын» газ құбырларын қалпына келтіру мүмкіндігін талқылады
Reuters-тің хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Джаред Кушнер мен Ресей президенті Владимир Путинге жақын кеңесші Кирилл Дмитриев «Солтүстік ағын» газ құбырларын қалпына келтіру үшін американдық инвестор тарту мәселесін талқылаған. Соңғы бірнеше апта ішінде олар Мәскеу мен Нью-Йоркте кездескен. Ақ үй «Солтүстік ағын» бойынша соңғы кезде ешқандай нақты келіссөздер болмағанын мәлімдеді. Германия мен Еуропаның басқа елдері газ құбырларын қайта іске қосуға қарсы екенін білдірді.