Special Unit Timur
-
Украина әскери барлауы Ресей спецназының екі тобын құртты
Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасына қарасты «Тимур арнайы бөлімшесінің» жауынгерлері Запорожье бағытында Ресей Қарулы Күштері Бас штабы Бас барқармасының 10-ші жеке гвардиялық арнайы мақсаттағы бригадасының екі тобын арнайы қарсы диверсиялық операция барысында құртып, бір сарбазды тұтқынға алды. Операция туралы видео 11 қазанда ГУР-дың ресми Facebook парақшасында жарияланды. Радио Свобода баяндаманы тәуелсіз тексере алмайтынын мәлімдеді.