NATO Eastern Flank Deterrence Initiative
NATO Eastern Flank Deterrence Initiative — Солтүстік Атлантикалық одақтың шығыс қанаттағы қорғаныс пен тежеуді нығайтуға бағытталған бастамасы. Ол 2014 жылы АҚШ тарағынан Ресейдің Украинадағы іс-қимылдарына және Қырымды аннексиялауына жауап ретінде құрылған. Бағдарлама Балтық елдеріне, Польшаға және одақтың шығыс шекарасындағы басқа одақтастарға қосымша әскер мен жабдықтарды орналастыруды, сондай-ақ жаттығулар өткізуді қарастырады.
-
NATO «Жеңіс теориясы» құжатын дайындап жатыр: шығыс қанатқа шабуыл жасаса, дрондар мен ЖИ-ге сүйенеді
НАТО-ның Еуропадағы біріккен қарулы күштерінің бас қолбасшысы Алексус Гринкевич «Жеңіс теориясы» атты құжат жасап жатыр. Онда Альянстың шығыс қанатына Ресей шабуыл жасаған жағдайда қалай әрекет ететіні, атап айтқанда арзан дрондар, аз экипажды жүйелер мен жасанды интеллект негізінде нысананы анықтау жоспарланғаны айтылады. Құжаттың ашық нұсқасын Bloomberg жария еткен, ал ресми түрде оны Гринкевич 12 қазанда Польшада ұсынады.