Ұйымдар · 1 материал

Халықаралық энергетикалық агенттік

Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) — Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) аясында 1974 жылы құрылған автономды үкіметаралық ұйым. Штаб-пәтері Парижде орналасқан. Агенттік жаһандық энергия нарықтарын талдайды, статистикалық деректер мен энергетикалық саясат, энергетикалық қауіпсіздік жөнінде ұсынымдар жариялайды.