Main Directorate of the General Staff of the Russian Armed Forces
Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Бас басқармасы (ГРУ) — Ресейдің әскери барлау қызметі, Қарулы Күштер Бас штабының құрамына кіреді. Ол шетелдегі стратегиялық барлау мен арнайы операцияларға жауапты, Ресейдің әскери-саяси басшылығына ақпараттық-талдау қолдауын көрсетеді және арнайы мақсаттағы күштерді дайындау мен пайдалануды ұйымдастырады. ГРУ-дың ішкі құрылымы мен басшылығы туралы мәліметтер, әдетте, құпия болып табылады.
-
Украина әскери барлауы Ресей спецназының екі тобын құртты
Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасына қарасты «Тимур арнайы бөлімшесінің» жауынгерлері Запорожье бағытында Ресей Қарулы Күштері Бас штабы Бас барқармасының 10-ші жеке гвардиялық арнайы мақсаттағы бригадасының екі тобын арнайы қарсы диверсиялық операция барысында құртып, бір сарбазды тұтқынға алды. Операция туралы видео 11 қазанда ГУР-дың ресми Facebook парақшасында жарияланды. Радио Свобода баяндаманы тәуелсіз тексере алмайтынын мәлімдеді.