Ұйымдар · 1 материал

Италия

Италия Республикасы — Оңтүстік Еуропадағы мемлекет, Апеннин түбегін, Сицилия, Сардиния және басқа да кішігірім аралдарды алып жатыр. Мемлекеттік құрылымы бойынша — парламенттік республика, 1948 жылдан бері күшіне енген конституциямен басқарылады. Елордасы және ең ірі қаласы — Рим. Италия Еуропалық одақ пен НАТО мүшесі, сондай-ақ Еуропалық қауымдастықтардың негізін қалаушы мемлекеттердің бірі.