German Federal Prosecutor's Office
-
«Солтүстік ағым» ісі бойынша күдікті украин азаматы Хорватияда саяси баспана сұрады
Германия «Солтүстік ағым» газ құбырларын жарып жіберді деп күдіктенген украин азаматы Володимир Журавльов Хорватияда саяси баспана сұрады. Оның адвокаты Микола Катеринчук бұл ақпаратты «Бабель» және «Суспільне» БАҚ-тарына растады. Журавльов Германияда әділ сот болмайды деп сендірді. Хорватияның Пула қаласындағы аудандық сот экстрадицияға рұқсат берген, қорғау тарапы бұл шешімді апелляциялық сотқа шағымданып жатыр.