Демократтар
-
Зеленський АҚШ Конгресін Украинаға қолдау көрсетуге бірлік танытуға шақырды
Володимир Зеленський АҚШ-тың жаңадан сайланған Конгресі Украинаға қолдау көрсету мәселесінде бірлік танытады деген үміт білдірді. Ол Украинаға адам өмірін қорғау үшін зымыранға қарсы қорғаныс құралдары қажет екенін айтып, АҚШ-тың мұндай көмек көрсете алатынын жеткізді. Зеленський жаңа Конгресс жұмысын бастағанда АҚШ-тың соғысқа қатысты саясаты өзгеретін-өзгермейтіні туралы сұраққа тікелей жауап бермеді.