Чернігівська станція метро
-
Ресей Қазақстан Украинаның 11 облысына соққы берді: 550 мыңнан астам отбасы жарықсыз қалды
19 қазанға қараған түні Ресей 16 баллистикалық зымыран және 200-ден астам дрон қолданып, Украинаның кемінде 11 облысындағы энергетикалық инфрақұрылымға соққы берді. Президент Зеленскийдің айтуынша, бір түн ішінде 10-нан астам энергетикалық нысан зақымданды, кемінде 550 мың отбасы жарықсыз қалды. Әуе қорғанысы 4 зымыран мен 243 дронды құлатты. Киевте бір адам қаза тауып, сегіз адам жарақат алды; елордада медициналық мекеме, мектеп, метро бекеті және тұрғын үйлер зақымданды.