Ресей Федерациясының Қара теңіз флоты
Ресей Федерациясының Қара теңіз флоты — Ресей Қарулы Күштерінің бес жедел-стратегиялық бірлестігінің бірі, Қырым түбегінде орналасқан және Қара теңіз бен Азов теңізінде әрекет етеді. Негізгі базалары — Севастополь мен Новороссийск. Флот Ресейдің теңіз шекараларын қорғауға және Қара теңіз бен Жерорта теңізі аймақтарында әскери күш көрсетуге жауап береді. 2022 жылы Ресейдің Украинаға ауқымды басып кіруі басталғаннан бері флот украин порттарын бұғаттау мен Украина аумағындағы нысандарға соққы беру үшін пайдаланылып, сонымен қатар елеулі шығынға ұшырады.
-
Украина Ресей Қара теңіз флотының қолбасшысына күдік хабарлады
Украинаның Қауіпсіздік қызметі (СБУ) мен прокуратурасы Ресей Қара теңіз флотының қолбасшысы, адмирал Сергей Пинчукқа 2024 жылғы 8 шілдеде Киевтегі тұрғын үйге жасалған зымыран соққысына байланысты сырттай күдік хабарлады. Соққыдан бір кіреберіс толық қирап, 13 тұрғын, оның ішінде 5 бала қаза тапты.