Кейр Стармер
Кейр Стармер — британдық саясаткер, 2020 жылдың сәуірінен бастап Лейбористер партиясының жетекшісі және 2024 жылдың шілдесінен бастап Біріккен Корольдіктің премьер-министрі. Саясатқа келгенге дейін адвокат болып жұмыс істеп, 2008–2013 жылдары Англия мен Уэльстің Корольдік прокуратура қызметін басқарды. Премьер-министр қызметіне 2024 жылдың шілдесіндегі парламенттік сайлауда лейбористердің жеңісінен кейін кірді.
-
Барро: Қазір Украинаға берілетін барлау деректерінің үштен екісі Еуропадан келеді
Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро France Inter радиосында қазір Украина алатын барлау ақпаратының үштен екісін, оның ішінде Франция, еуропалық елдер беретінін мәлімдеді. Айтуынша, Еуропа соғыс басталғалы бері Украинаға негізгі қолдау көрсетіп, Ресейға ең қатты қысым жасап келеді. Бұл мәлімдеу АҚШ-тың барлау бөлісуді тоқтату қаупі төніп тұрған кезеңде жасалды.