АҚШ Ұлттық геокеңістіктік барлау агенттігі
Ұлттық геокеңістіктік барлау агенттігі (NGA) — АҚ� Қорғаныс министрлігіне қарасты азаматтық барлау мекемесі, геокеңістіктік барлау, жерсерік суреттерін талдау және картография саласына жауапты. Штаб-пәтері Вирджиния штатының Спрингфилд қаласында орналасқан. NGA 1996 жылы Ұлттық бейнелеу және картография агенттігі (NIMA) ретінде құрылып, 2004 жылы қазіргі атауын алды.
-
Барро: Қазір Украинаға берілетін барлау деректерінің үштен екісі Еуропадан келеді
Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро France Inter радиосында қазір Украина алатын барлау ақпаратының үштен екісін, оның ішінде Франция, еуропалық елдер беретінін мәлімдеді. Айтуынша, Еуропа соғыс басталғалы бері Украинаға негізгі қолдау көрсетіп, Ресейға ең қатты қысым жасап келеді. Бұл мәлімдеу АҚШ-тың барлау бөлісуді тоқтату қаупі төніп тұрған кезеңде жасалды.