Ұлттық геокеңістік-барлау агенттігі
Ұлттық геокеңістіктік барлау агенттігі (NGA) — АҚШ Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған барлау қызметі, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін геокеңістіктік барлау мен суреттерді, жерсеріктік және әуе түсірілімдерін талдауға жауапты. Агенттіктің штаб-пәтері Виргиния штатындағы Спрингфилд қаласында орналасқан. NGA АҚШ әскери, барлау және азаматтық құрылымдарына геокеңістіктік ақпарат беріп, одақтастар мен серіктестердің операцияларын қолдайды.
-
Барро: Қазір Украинаға берілетін барлау деректерінің үштен екісі Еуропадан келеді
Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро France Inter радиосында қазір Украина алатын барлау ақпаратының үштен екісін, оның ішінде Франция, еуропалық елдер беретінін мәлімдеді. Айтуынша, Еуропа соғыс басталғалы бері Украинаға негізгі қолдау көрсетіп, Ресейға ең қатты қысым жасап келеді. Бұл мәлімдеу АҚШ-тың барлау бөлісуді тоқтату қаупі төніп тұрған кезеңде жасалды.