"Достық" мұнай құбыры
«Дружба» мұнай құбыры — 1960 жылдары Кеңес Одағы Шығыс Еуропа елдеріне кеңес мұнайын жеткізу үшін салған әлемдегі ең ірі магистральдық мұнай құбырлар жүйесінің бірі. Ол Батыс Сібір кен орындарынан Ресей, Беларусь және Украина аумағы арқылы Польша, Чехия, Словакия, Мажарстан және Германия тұтынушыларына дейін созылады. Жүйе солтүстік және оңтүстік болып екі негізгі тармақтан тұрады; Ресей аумағында «Транснефть» компаниясы, Украина аумағында «Укртранснафта» компаниясы пайдаланады. 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін «Дружба» арқылы Еуропаға ресейлік мұнай транзиті күрт төмендеп, құбырдың жекелеген учаскелері шабуылдар кезінде зақымданды.
-
Тамбов облысында «Дружба» мұнай құбыры жүйесінің «Никольское» стансасына дрондар шабуыл жасады
19–20 қазан түнінде Ресейдің Тамбов облысы Мичурин ауданындағы «Дружба» мұнай құбыры жүйесінің құрамындағы «Никольское» сызықтық өндірістік-диспетчерлік стансасына дрондар шабуыл жасалып, өрт тұтанды. Облыс басшысы Евгений Первышов құрбандар жоқ деп мәлімдеді.